Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (1-0, 0КО) 24 қараша күні Монакода Данияр Елеусіновпен бір рингте өнер көрсетеді.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегі төрт раундтан тұрады. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Зәуірбек биылғы 26 қазан күні Лондонда алғаш рет кәсіпқой рингке шықты. Онда 34 жастағы қарсыласы - Никарагуа боксшысы Хосе Агилараны (16-53-4, 6КО) ұпай санымен ұтты. BoxRec-тің хабарлауынша, Сұлтанның кәсіпқой бокста үшінші айқасы да жоспарланып қойған - ол 14 желтоқсан күні Лондонда өтеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Еске сала кетейік, 24 қараша күні Монаконың Монте-Карло қаласында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2КО) жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы никарагуалық боксшы, 33 жастағы Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО). Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне ағымдағы жылдың 21 қазанында қол жеткізген болатын.