Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегіне видеоанонс жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Данияр Елеусінов 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы Карлос Мохика болмақ. Никарагуалық боксшы кәсіпқой рингте 20 жекпе-жек өткізіп, оның он алтысында жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліс тауып, тағы екі кездесуінде тең тарқасқан.

«Жекпе-жек аптасы! Осы сенбі күні Монакоға ораламыз. Кештің басты жекпе-жегі Лебедев — Уилсон арасында болмақ. Сондай-ақ, кеште Халид Яфаи чемпиондық белбеуін қорғаса, Фрэнк Бульони, Данияр Елеусінов және тағы басқалары шаршы алаңға көтеріледі!» — деп жазды Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы твиттердегі парақшасында.

Артынша Matchroom Boxing Данияр Елеусіновтің кәсіпқойдағы жекпе-жектеріндегі үздік сәттері мен Ноа Кидті нокаутқа түсірген сәтін көрсетті.