Alem Fighters ұйымының президенті Ардақ Назаров Алматыда өтетін Titan FC-дің 51-ші турнирі жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Турнир аясында ресми 11 жекпе-жек өтеді және олар 19:00-де басталады деп жоспарлап отырмыз. Бұл кеште жақсы өнер көрсеткен сарбаздар Titan FC тұжырымына жолдама алуға тамаша мүмкіндіктері бар және болашақта UFC-ге жол ашылмақ, өйткені осы лиганың мүшелерінің 70% UFC құрамына кірген, - деп турнирге қатысты болжамдарымен Ардақ Назаров бөлісті.

Айта кетейік, 21 желтоқсан күні Алматы қаласында Titan FC-дің 51-ші турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Бейбіт Назаров Мартин Браунға (12-5) қарсы жұдырықтасады. Олар жеңіл салмақта уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салады.