UFC президенті Дэна Уайт ирландиялық Конор Макгрегордың келесі қарсыласы Дональд Серроне болатыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

«Хабиб пен Конор желтоқсанда Невада штатының Атлетикалық комиссиясына барады, кейін не боларын көре жатармыз. Конордың келесі жекпе-жегі жайлы ойлап жүрген жоқпыз. Себебі оны қанша уақытқа шеттетіп, қандай айыппұл салатынын білмейміз ғой.

Конор мен Серроне жекпе-жегі жайлы ақпарат өтірік. Біз Макгрегор мен Хабибтің келесі қарыластары туралы әлі ойлаған жоқпыз», - деді Уайт.