Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина 10 шақырымға классикалық әдіспен жекелей сында екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Саариселькеде өтіп жатқан жарыста Юстина Ковальчиктен 41.6 секунд қалып келді. Үздік үштікті Белорусс елінің шаңғышысы Анастасия Кириллова (+1:03) қорытындылап тұр.

Ксения Матросова 6-шы (+1:28), Анжелика Тарасова 12-ші (+2:14), Ксения Шалыгина – 15-ші (+2:34) сатыға тұрақтады.

Тағы бір қазақстандық Анастасия Макшаева мәре сызығын 21-ші болып кесіп өтті.