Өзбекстандық мәнерлеп сырғанаушы Миша Джи Мәскеуде өткен Гран-при этапының ашылуында номерін қазақстандық спортшы Денис Теннің құрметіне арнады. Джи өз бағдарламасын Теннің музыкасымен орындады.
Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Оған автоұрылар шабуылдаған. Қайғылы жағдай күндіз сағат 15.00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында болды. Күдіктілер - Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева.