Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова 23 жасқа дейінгі қатысушылардың арасында өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды.

72 келі салмақ дәрежесінде күрескен Бақбергенова алғашқы белдесуінде жапон қызы Наруха Мацуюкиді жеңген болатын. Одан кейін АҚШ елінің балуаны Анна Уаттерстен басым түсті. Жартылай финалда жерлесіміз жеңіліс тапқаннан кейін, қола үшін күресте Үндістаннан келген Найнаны ұтып кетті.