Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құрама сапында орын алған өзгерістер жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құраманың бапкерлер алқасы Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков және Ненад Эричке демалыс берді. Олар Грузиямен өтетін ойынға қатыспайды. Олардың орнын резервте тұрған бірнеше ойыншы толықтырады.

Ұлттық құрамаға резервтік тізімнен төмендегі футболшылар шақырту алды: жартылай қорғаушы Юрий Перцух («Атырау»), шабуылшы Оралхан Өміртаев («Шахтер») және «Қайсардың» қақпашысы Марсель Исламкулов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының UEFA Ұлттар Лигасы аясындағы соңғы матчы 19 қараша күні Тбилисиде Грузияға қарсы өтеді.