Алматылық «Қайрат» футзал клубы кеше UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі аясындағы алғашқы матчын өткізген болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан чемпионы әрі UEFA Кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайрат» Еурододаның жаңа маусымындағы бірінші ойынында италиялық «Пескара» командасын 4:1 есебімен оңай ұтты. Алматылық клуб сапынан гол соққандар: Тайеби 18:24 (1:1), Оразов 29:05 (2:1), Игита 36:26 (3:1), Оразов 38:14 (4:1)

Назарларыңызға аталған кездесуден видеошолу ұсынамыз.