Алматылық «Қайрат» футзал клубы бүгін UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі аясындағы екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан чемпионы әрі UEFA Кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайрат» чехиялық «Хрудим», италиялық «Пескара» және беларусьтік «Лидамен» бірге «D» тобында орналасқан.

Барлық матчтар 14-18 қараша аралығында чехиялық «Хрудимнің» алаңында өтеді.

«Қайрат» алғашқы матчын италиялық «Пескара» командасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңген еді.

Бүгін алматылық клуб Белорусьтің «Лида» командасына қарсы ойнайды. Матч Астана уақыты 22:30-де басталады.