«Реал» басшылығы Сантьяго Солариды клубтың бас бапкері ретінде бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz

42 жастағы аргентиналық маманның корольдік клубпен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» испаниялық Хулен Лопетеги үш апта бұрын жұмысынан қуылған болатын.