Перуде футболдан балалар командасы отырған автобус жолдан шығып кетіп құзға құлады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қайғылы жағдай Перудің солтүстігінде, Чачапояс қаласынының маңында орын алған. Балалардан құралған команда жергілікті турнирге аттанған.

Болған жағдайдан 7 бала қаза тауып, 11-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір тергеу амалдары жүруде.

Мадридтік «Реал» қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.