Ирландия республикалары одағының біріккен лигасы аясындағы «Маллингар Таун» — «Хорслип» матчында төрелік еткен арбитр Дэниел Свини ойыннан кейін ауыр жарақаттар алды.

Матчтан кейін «Маллингардың» үш ойыншысы мен бір жанкүйері төрешіні ұстап алып, соққының астына алған.

Ирландиялық төрешілер қауымдастығының президенті Пол О’Брайеннің айтуынша, Свинидің екі бетінің де жағы, көз астындағы сүйегі сынған, сондай-ақ, мұрнына зақым келген.

Бұл оқиғаның неден шыққаны белгісіз. Бірақ бұл ойында «Маллингар» 3:1 есебімен ұтқан болатын.