«Астананың» бұрынғы ойыншысы Неманья Максимович жаңа командасында айдың үздік ойыншысы атанды, деп жазады prosports.kz.

Бәріміз білетіндей сербиялық ойыншы қазіргі таңда Испанияның «Хетафе» командасында доп теуіп жүр. Ол биылғы маусымда командасының 95% матчтарына қатысты. «Хетафе» Испания Ла лигасында 11 турдан кейін 16 ұпай жинап, 8-ші орында тұр.