«Манчестер Сити» командасы жартылай қорғаушы Рахим Стерлингпен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады prosports.kz.

Англиялық клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 жастағы футболшы енді 2023 жылға дейін қазіргі командасында доп тебетін болады.

Стерлинг «Сити» сапына 2015 жылы «Ливерпуль» командасынан ауысып келген. Содан бері 154 ойынға қатысып, 51 гол соқты.