Қазақстандық ауыр атлет Надежда Лихачева Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәлежесінің А тобында жұлқа көтеру жаттығуын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 112 келіні бағындырып, екінші орын алды. Ол 115 келі көтерген Қытай спортшысына ғана есе жіберді. Ал үздік үштікті мысырлық ауыр атлет түйіндеді. Нәтижесі 111 келі.