Ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржыны кіші қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева В тобында сынға түсіп, жұлқа көтеруде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 107 келіні бағындырған.

Айта кетейік, бұған Арли Чонтей күміс жүлдені жеңіп алған болатын.