Танымал мексикалық журналист Фернандо Шварц Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесудің өтетінін айтты.

«Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу шындыққа айналады. Әзірге толығырақ айтылған жоқ», - деп жазды Шварц twitter желісінде.

Айта кетейік, Фернандо Шварц беделді авторлардың бірі. Оның Twitter желісінде 659 мың оқырманы бар.