АҚШ рэпері Глассес Мэлони әндерімен ғана емес, боксқа деген сүйіспеншілігімен де танымал. Ол өзінің Twitter парақшасында мексикандық боксшы Сауль Альварестен қарымта жекпе-жекте жеңілген қазақстандық Геннадий Головкинді келеке етіп пост жариялаған.

"GGG нағыз мексикалықпен жекпе-жекке шықпағанша "мексикалық стильдің" не екенін білмей жүріпті!", - деп мәлімдеді рэпер.Осы жазбаның астында сурет салған ол күліп тұрған смайл қойған.

Естеріңізге сала кетейік, мексикалық боксшы жеңіске төрешілердің шешімі бойынша қол жеткізді. Алайда бұл нәтижемен келіспегендер де болды.