Мақсат Айқынбекті ауылдастары Головкинге ұқсатады. Жаркент өңірінің тумасын жерлестері екі жылдан бері GGG деп атап кеткен. Бірақ ауыл тұрғыны prosports.kz сайтына Сауль Альварестің жанкүйері екенін жасырмады.

"Мені елдің бәрі Головкинге ұқсатып жатады. Бірақ, олай есептемеймін. Жалпы маған Генаның жұдырықтасу мәнері ұнамайды, ол қорғанысқа көңіл бөлмейді. Гена мен Альварес жұдырықтасқанда мен Саульге жанкүйер болдым. Қазақстандық боксшылардың арасынан Садриддин Ахмедовтың тілеуін тілеп жүрмін".- деді М.Айқынбек.