3 қарашада Мәскеуде өткен AIBA Конгресінде Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) қатысу арқылы олимпиадалық лицензия алу мүмкіндігі туралы жария етілді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл ретте біліктілік кезеңі екі маусымды құрайды - тоғызыншы және оныншы. WSB-ның әрбір қатысушысы дәл бұрынғыдай ұпай жинап, артынша жеке рейтинг құрайтын болады. Үздік қатысушылар Олимпиадаға қатысады. Ойнатылатын жолдамалардың жалпы саны - 32.

Өз кезегінде WSB жаңа форматта өткізіледі. Олимпиада боксының салмақ санатының өзгеруіне байланысты турнир екі конференцияға бөлінеді: жеңіл таразылар (52 кг, 57 кг, 63 кг, 69 кг) және ауыр салмақтар (75 кг, 81 к, 91 кг, 91+ кг).

Командалар бір конференцияға немесе екі конференцияға қатысуға құқылы.

WSB-ның қазіргі чемпионы - Cuba Domadores командасы. Ал қазақстандық Astana Arlans клубы соңғы маусымның күміс жүлдегері.

Айта кетейік, бұған дейін WSB арқылы олимпиадаға Қанат Әбутәліпов (2012) және Василий Левит (2016) жіберілген болатын.