Арли Чонтей Ашxабадта өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде иегері атанды.

Сондай-ақ, Чонтей Түркіменстан астанасында тақтайшаға шыққан алғашқы спортшы болды. Ол отанымызды 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таныстырды.

Жұлқа көтеруден зілтемірші 120 келіні бағындырса, серпе көтеруде 138 келіні көтерді.

Екі кезең қорытындысы бойынша қазақстандық 258 келі зілтемірді игеріп, екінші орынды иеленді.

Чонтейдің медалі бұл әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде болды. Ал бұл сайыста 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, кәріс Ом Юн Чxоль жеңіске жеткен. Жалпы есепте ол 282 келі көтерді.