Астана уақытымен 20:55 те Түркменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Арли Чонтей жарыс жолына шығады.

Барлығы 9 қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Чонтейдің негізгі қарсыластары ретінде Олимпиада чемпионы солтүстік кореялық Ом Юн Чхоль, италяндық Мирко Скарантино және Еуропа чемпионы испандық Хосуе Гарсия саналады.

Сайыстарды Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.