Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігі аяқталуға жақын, деп жазады prosports.kz.

Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда басты қарсыласынан 4 ұпай ұзап кеткен «Астана-Ж» командасы мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Елордалық жас футболшылар 27 ойында жеңіп, 7 матчта жеңіліп, 5 кездесуді тең аяқтап 86 ұпай жинады.

Осыған дейін елордалық бас команда Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанған болатын. Енді жас ойыншылар ағаларының жеңісті жолын қайталап отыр.