«Реал Мадридтің» бас бапкері Хулен Лопетеги «Барселонадан» (1:5) ірі есеппен жеңілген соң команда ойыншыларымен қоштасты.

Marca-ның хабарлауынша, Лопетеги футболшыларға алдағы уақытта сәттілік тіледі. Испаниялық маман жақын арада «Реал Мадридтегі» қызметінен кетеді деп күтілуде.

Лопетегидің орнына «Реалды» енді италиялық Антонио Конте жаттықтырады деп хабарланды.