Лига кубогының төртінші кезеңіндегі «Лестер» мен «Саутгемптон» матчы «түлкілердің» қожайыны Вишайи Шривадданапрабхтың қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.

«Лестер» баспасөз-қызметінің хабарлауынша, матч 30 қазанда өтуі керек болған. Ал кездесудің нақты қай күнге ауыстырылғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні «Лестер» мен «Вест Хэм» (1:1) матчынан кейін «Лестер» қожайыны Вишайи Шривадданапрабхтың тікұшағы әуеге сәл көтеріліп, стадион тұрағына құлаған болатын. Полиция дерегі бойынша, бортта болған бес адам қайтыс болды.