Спортшы жуынып шыққан бойда орамалмен оранған қалпында сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Футболшы жеңісті матчтан соң душқа түсіп, сырттағы тілшілермен киімін ауыстырмастан сұхбаттасып кетті. Ол душ сыртында журналистер күтіп тұрады деп ойламаса керек.

«Де Графсхап» клубының ойыншысы Фурджель Нарсинг осылайша үстіне пиджак киіп, орамал оранған күйінде камераға түсті. Бұл кадрды Fox Sports арнасы көрсетті.

«Де Графсхап» «Эксельсиор» командасын 4:1 есебімен жеңді. Осы голдың бірін Фурджель Нарсинг соққан болатын.