Бүгін King Power стадионының тұрағында апатқа ұшыраған тікұшақта кімдердің қайтыс болғаны жарияланды.

Лестершир полициясының ақпараты бойынша, «Лестер» қожайы, миллиардер Вишайи Шривадданапрабхадан бөлек, тікұшақта экипаждың екі мүшесі Нусар Сукнамаи мен Кавепрон Пунпар, пилот Эрик Сваффер мен пассажир Изабелла Роза Лечович болған. Тікұшақта болған адамдардың бәрі де қайтыс болды.

Денелерді тану рәсімі кешірек болады.