Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Ашхабадта өтетін әлем чемпионатында сайысқа түспейді. Ол жарақатына байланысты спорттық мансабын да аяқтауы мүмкін.

Бастапқыда Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған Илья Ильин әлем чемпионатына баруға мүмкіндік алған еді. Алайда жарыстың басталуына санаулы күн қалғанда оның ескі жарақаты сыр бергеннен соң, сайысқа қатысудан бас тартыпты. Илья Ильин Ашхабадта Нижат Рахимовке көмектесіп, бапкерлердің жанына көмекші қызметін атқармақ.