Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Ильяя аймақтың намысын қорғаған. Ол «Русская рулетка» бойынша алғашқы рекордын 88 келіден бастап, 93 келіге жеткізген. Айта кетейік, «Русская рулеткада» бұрынғы рекорд 83 келі болған екен.

Ал спортшының екінші рекорды «Русская ось» бойынша жаңарған. Яғни Илья 180 келіден бастап көтеріп, 190 келі салмаққа дейін еңсерген. Айта кететіні, «Русская ось» аталымында бұрынғы рекорд 135 келі болған екен.