Алматыда гольфтан 7-17 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында кезекті жарыс өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.Оған 40-қа жуық қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан гольф ойнауды тегін үйрету бағдарламасының жеткіншектері қатысты.Бұл тесттік жарыс жаңадан келгендер мен әуесқойлардың арасында «Нұртау» гольф-клубында үш алаңда өткізілді - чиппинг грин, паттин грин, тэйн роундж.Жарыс қорытындысы бойынша, жоғары ұпайды жиңаған адамдар жеңімпаз атанып медальдармен мараппатталды.

- Осындай турнирлер маған қатты ұнайды. Жарысқа екінші рет келіп тұрмын. Бірақ, әлі де жүлдегер атанбадым. Өкінішті, әрине, алайда жеңісті күндер алда екеніне сенімдімін. Басында маған гольф қызықсыз ойын болып көрінді, ал, қазір оны түсініп, ұнатып жатырмын, - деп өз ойымен 12-жасар Эльдар Невлютов бөлісті.

Айта кетер жайт, былтырғы жылдан бастап «Нұртау» гольф-клубында қала әкімдігінің қолдауымен кез келген 7-17 жасар балалар мен жасөспірімдерге тегін үйрету сабақтары өтіп жатыр.