Белгілі спорт шолушысы Айдын Қожахмет "Қайрат-Перезагрузка" деген кітап шығарды. Туындының тұсау кесері 10 қараша күні Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бұл кітапта журналист, "Қайрат" футбол клубының соңғы 15 жылда орын алған небір шикіліктерін жазған. Мысалға Әли Әлиевпен келісім-шарт жасаспау үшін, оған қандай айыптың тағылғаны, атышулы "Алма-Ата" мен "Қайрат" футбол клубтарының арасындағы ойында не себепті халықтық команданың екінші таймға шықпай қойғаны, Владимир Вайсстың қай ойыншылармен көңіл көтеруді ұнатқанын бүкпей жазған.

Айта кетейік, Айдын Қожахмет журналистік мансабын «PROСПОРТ Қазақстан» газетінде бастаған, бүгінгі таңда отандық спорт сайтында редакторлық қызмет етіп жүр.