- Біз күткендей өте қиын кездесу болды. «Яблонец» - тәртіпке бағынған, өте мықты команда. Біз кездесудің басында қапталда қателікке бой алдырып, қақпамызға жоқ жерден гол жіберіп алдық. Қақпамызға жіберген голдан кейін тез арада ес жинап, өзімізге тән футбол үлгісін көрсете бастадық. Екінші таймда ашық футбол өрбіді. Алайда, өзімізде болған гол соғатын мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Жалпы алғанда, тең ойын – заңды нәтиже.

- Бүгін жарақат алған ойыншылардың алаңда болмауы қаншалықты қиын болды. Әсіресе, қапталдағы қорғаушы Дмитрий Шомконың ойынға қатыспауы?

- Әрине, жарақат алып ойынға қатыса алмаған футболшылардың тәжірибесі өте мол болғандықтан, олар алаңға шыққанда бізге көмектесер еді. Алайда, біздің команда сапында кез келген позицияны жаба алатын 20 футболшы бар. Бүгін алаңға шыққан ойыншылардың құлшынысы мен жігеріне ешқандай сын таға алмаймын. Сондықтан да сырт алаңдағы қиын кездесуде ұпай еншілеп, барын салған жігіттерге алғысымды айтамын.

- Үзілістен кейін Педро Энрикені алмастыруыңыздың себебі неде?

- Дәл мұндай кездесулерде өз эмоцияларыңды бақылау өте маңызды. Педро үзіліске дейін сары қағаз алғандықтан, ары қарай тәуекелге баруды жөн көрмедік. Сондықтан да оны алмастырдық.

- Бүгінгі ойында команданың гол соғатын сәттері өте көп болды. Шабуыл шебіндегі ойыншылардың ойынына көңіліңіз толды ма?

-Біздің бүгін жеңіп кететін мүмкіндігіміз болды. Алайда, жеңіліп қалуымыз да ықтимал еді. Әрине, шабуыл шебіндегі ойыншыларға сын тағуға болады. Алайда, жігіттердің алаңдағы құлшыныстарына ешқандай сын арта алмаймын. Барлығы барын салды. Біздің тең нәтижеге көңіліміз толады.