Ойын соңында елорда командасының капитаны Ненад Эрич матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Ойынның алғашқы 15 минутында өзімізге тән футбол үлгісін көрсете алмағандықтан, қақпамызға гол жіберіп алдық. Артынша есепті теңестіріп, допты бақылуға алғанымыз дұрыс болды. Алаңда тартысқа толы қиын ойын өрбіді. Әрине, біз Чехияға үш ұпай үшін келген едік, алайда, тең ойын лайықты нәтиже деп ойлаймын.

- Жарақат алған ойыншылардың жоқтығы білінді ме?

- Біздің команда құрамында жарақат алған ойыншылар бар, алайда, алаңға шыққан басқа футболшылар өте жақсы ойын көрсетті. Біздің ойын күнтізбеміз өте тығыз болғандықтан, олардың тезірек қатарға қосылғандығы қажет-ақ.

- Бүгінгі ойында «Астана» командасына 100-ден астам жанкүйер арнайы келіп қолдау көрсетті. Олардың қолдауын сезіне алдыңыздар ма?

- Сырт алаңдағы ойында осынша жанкүйердің болуы бізді қатты қуантты. Сол үшін де оларға және теледидар арқылы бізді қолдаған Қазақстандағы жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Біз олардың қолдауын анық сезіндік.