УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында елордалық «Астана» футбол клубы Чехияның «Яблонец» командасына қонаққа барады.

«К» тобында 4 ұпаймен көш бастап тұрған елордалықтар соңғы ойында француздық «Ренн» футболшыларын 2:0 есебімен ұтқан еді. Ал «Яблонецтің» қоржынында 1 ұпай.

Аталмыш матчты «QAZSPORT» телеарнасының тікелей эфирінен қазан айының 25-нен 26-на қараған түні сағат 00.50-де тамашалай аласыздар.

Сондай-ақ, «QAZSPORT» арнасы «Спортинг» - «Арсенал» арасындағы Еуропа лигасының тағы бір тартысты ойынын сағат 22:45-те тікелей эфирде көрсетеді.