Марафонда жарақат алған жапониялық жеңіл атлет Реи Иида финалға төрт аяқтап жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Micetimes порталына сілтеме жасап.

Видеоны журналист Том Лукас өзінің YouTube-каналында жүктеді.

19 жастағы жеңіл атлет құлап қалып, жарақат алған болатын. Алайда, ол тізесіндегі қанды сүртіп тастап, финалға ұмтылды. Өкініштісі, қанша тырысса да жарысты аяқтаған Реидің нәтижесі есептелмеді.