Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық жүрістен бірінші кезең аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Кристина Морозова әзірге 10-шы орында келеді.

Морозова бес шақырымды 25:11.17 уақыт көрсеткішінде жүріп өтті. Бұл оның жеке рекорды. Алайда, спортшы өз нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты.

«Нәтиже жаман емес. Десе де, 25 минуттан да ертерек келу керек еді. Әдет бойынша, тым жылдам бастап кеттім. Соңына қарай қарқыным төмендеді. Екінші кезеңде өз нәтижемді жақсартып, қорытынды есепте жоғары орыннан көрінуге тырысамын», - деді Морозова.

Екінші кезең 15 қазан күні өтетінін еске саламыз.