Дәл қазір ЦСКА жергілікті «Ромамен» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу туры аясында кездесіп жатыр.

Ойын басталар алдында Римдегі метрода эскалатор тежегіші істен щығып, 30-дан аса адам жарақат алды. Олардың басым бөлігі - ЦСКА жанкүйерлері. Бес адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бір адам аяғынан айырылды.

Италиялық БАҚ өкілдеріне сенсек, қайғылы жағдайдың орын алуына ЦСКА жанкүйерлерінің эскалаторда секіруі себеп болды деп отыр.