«ПСЖ» клубының ресми емес твиттер парақшасы мадридтік «Реалдың» Арсен Венгермен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Испаниялық клуб соңғы 5 матчтың төртеуінде жеңіліс тапқан болатын. Лопетегидің мұндай жағдайдан соң клубта қалуы екіталай.

Арсен Венгер «Арсеналды» 2018 жылдың сәуір айына дейін басқарды. Сонымен қатар, «ПСЖ» клубы Венгерге қызығушылық танытуда.