«Сарыарқа» хоккей клубы шабуылшы Михаил Железновпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz.

Железнов Михаил НиколаевичШабуылшыТуған жылы: 15 қазан 1991 жыл, Туған жері: Ресей. Мәскеу. Мәскеу хоккей мектебінің түлегі

Михаил мансап жолында Жоғары хоккей лигасының бірқатар клубтарында өнер көрсеткен. Атай айтқанда, «Кристалл» (Саратов) клубында 2013/14 жылғы маусымда 46 ойынға қатысып, 20 (7+13) ұпай жинаған. «Сокол» (Краноярск) командасында 2016/17 – 2017/18 жылдары 61 матч өткізіп, 18 (9+9) ұпай жинады.

Ал құрлықтық хоккей лигасында «Амур» (Хабаровск) клубының сапында 2014 жылдан 2017 жылға дейін өнер көрсетті. Онда 100 ойынға қатысып 12 (8+4) жинады.