Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Спартак» - «Динамо» матчында (4:2) алаң иелерінің қорғаушысы Андрей Кутейкин мұз айдынының ортасынан керемет шайба соқты, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның 55-ші минутында Андрей тым алыстан соққы бағыттап, жиналған жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Бір айта кетерлігі 34 жастағы хоккейші бұған дейін де осындай тамаша соққысымен көзге түскен болатын.