WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен де, Геннадий Головкинмен де айқасқа дайын екенін айтты.

«Сауль Альварес 11 жекпе-жек өткізу үшін DAZN, 11 платформасымен келісімшартқа қол қойған. Сондықтан Андрадемен айқастан қашып құтылу мүмкін болмайды, ол Андрадемен кездесуі тиіс. Сондай-ақ Деметриус Геннадий Головкинмен де жекпе-жекке дайын. Бұл, Головкин үшін қайта әлем чемпионы атану үшін жақсы мүмкіндік. Сондықтан оған келіскен жақсы. Бұл, жақсы айқас болады», -деді Эдди Хирн FightHype-тің YouTube-каналына жүктелген сұхбатта.

Андраде өткен түнде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол Уолтер Каутондоквадан басым түсті.

Еске салайық, Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы саналған жапон боксшысы Риота Мурата (14-1, 11 КО) WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы титулын қорғай алмай қалды. Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) америкалық Роб Брантке (23-1, 16 КО) қарсы өтті.