Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы төртінші жеңісінен кейін сұқбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, алайда Елеусінов техникалық нокауттың арқасында кездесуді ерте аяқтады.

"Боксың жақсарды ма?" деген сұраққа ол, "өзгерісті байқадым" деп жауап қайтарды.