Премьер лигадағы үзілісті пайдаланып бүгін «Ақтөбе» командасы Бірінші лигада бақ сынайты «Ақтөбе-Жас» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады prosports.kz.

Бір қызығы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткен матчта ел күтпеген нәтиже тіркелді. «Ақтөбе-Жас» Премьер лигада өнер көрсететін негізгі команданы жеңіп кетті. Бірақ, Ақтөбе-Жас» командасына Премьер лигада доп тебетін бірқанша ойыншы көмектескен көрінеді.

«Ақтөбе» - «Ақтөбе-Жас» - 2:3

Гол соққандар: Бағдат Каиров, Абат Айымбетов - Жамбыл Көкеев, Александр Кицак, Асланбек Какимов.