Қазақстан құрамасы Андорраға қарсы ойнап 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index нәтижелері бойынша елорда командасының тағы бір ойыншысы Юрий Логвиненко үздік атанды.

Юрий кездесудегі допқа талас-тартыстың 100%-да жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы тура пас беру көрсеткіші бойынша да үздік шықты (104 пастан 99 дәл пас). Екінші және үшінші орында Бауыржан Исламхан мен Георгий Жуков.