Украиналық егіз бауырлар келісілген матч үшін спорттан өмір бақи аластатылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты apnews порталына сілтеме жасап.

Украиналық теннисшілер Вадим мен Глеб Алексеенко келісілген матч үшін өмір бақи спорттан аластатылды. Әрқайсысысы 250 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Алексеенколар 2015 - 2016 жылдары аралығында Ресей, Германия, Түркия мен Румыниядағы турнирлерде жемқорлыққа қарсы ережені бұзған. Олар үшінші адам арқылы теннистен ұтыс тіккізіп (ставкалар), соған сәйкес ойын көрсете отырып, түскен ақшаны қалтарына салған.