Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мәскеуде өтіп жатқан «Кремль Кубогы» турнирінде екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда жергілікті спортшы Евгений Донскойға есе жіберді.

1 сағат 53 минутқа жалғасқан кездесу 6:4, 7:6 (12:10) есебімен аяқталды.