Бүгін Щучинск қаласында футзалдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл кезеңде жалпы 11 команда бақ сынайды. Командалар жеребе бойынша екі топқа бөлінген.

Бүгін басталған алғашқы айналымда «Қайрат» U-19 командасы рудныйлық «Аят» командасына есе жіберді.

Қазақстан кубогы - 2018. Алғашқы кезең. В тобы

«Аят» 5:1 «Қайрат» U-19

Гол: Хебберт 2, Рындин 10, Лопатюк 11, Жаксылыков 17, Ибраев 20 – Лопатюк 25 (автогол)

16 қазан, Щучинск, СК «Жақсы»

Қазақстан кубогы - 2018. Алғашқы кезеңге қатысатын командалар:

А тобы:«Қайрат»«Ақтөбе» «Оқжетпес» «Өмірзак» Құлсары«Прогресс» Қарағанды

В тобы: «Аят» «Жетісу»«Стимул» «Кедентранссервис» «Динамо Қызыл-Жар» «Қайрат» U-19