Бүгін Щучинск қаласында өтіп жатқан футзалдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңінде «Ақтөбе» шағын-футбол клубы жеңіске жетті, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

«А» тобына түскен ақтөбеліктер бірінші ойында Құлсары қаласының «Өмірзақ» командасын 5:1 есебімен тізе бүктірді. «Ақтөбе» ертең Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен ойнайды. «Ақтөбе» ШФК - «Өмірзақ» 5:1 Голдар: Эрик, Ақбалықов, Қарағұлов, Серый, Серый – Төлеуов