Батысқазақстандық самбошы Армат Қабдолов жастар арасында Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 52 кг салмақта юниорлар арасында күрескен Армат қатарынан төрт кездесуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

А.Қабдолов финалда ғана ресейлік Харун Тлишевке есе жіберді. Арматтың бапкері - Мейірім Базаров.

Айта кетейік, айтулы додада қазақстандық басқа палуандар да жүлдесіз қалып жатқан жоқ.